Ақтөбе: «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті 1520

Ақтөбе: «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті

14 наурыз 2024 110 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті.

Семинар барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ихсан» сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп, адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар облыстың Бас имамы мен облыстық орталық мешітің ұстазы Елмұрат Мырзабаев ораза ұстаудың артықшылықтары мен пайдасы жайлы және оразаның шарттарын атап өтті. Одан өзге жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Семинарға қатысушыларға «Адал сауда» кітапшасы таратылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі