#Рамазан2026: Шалқар ауданында «Рамазан тәттілері» таратылды 6007

#Рамазан2026: Шалқар ауданында «Рамазан тәттілері» таратылды

02 наурыз 2026 62 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қасиетті айда қала тұрғындарына қуаныш сыйлау мақсатында әйел жамағатының қолдауымен «Рамазан тәттілері» таратылды.

Нәтижесінде Рамазан айының құрметіне орай қала тұрғындары мен балаларға түрлі тәттілер салынған 32 қоржын табыс етілді.

Шара барысында ұстаздар Рамазан айының мейірімділік пен қайырымдылық айы екенін атап, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдар мен ұстаздарға алғысын білірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі