Ақтөбе: ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары насихатталды (ФОТО) 2049

Ақтөбе: ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары насихатталды (ФОТО)

05 қыркүйек 2022 147 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарды Ақтөбе имамдарына түсіндіру» атты семинар өтті. 

Аталған жиынға қала, аудан, ауыл имамдары мен ұстаздар яғни жалпы 90 адам қатысты.

ҚМДБ-ның концептуалды құжаттарын насихаттауға арналған семинарда облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Жеті рухани қазық» ҚМДБ рухани тұғырнамасы; Діни лауазымдар тізілімі» тақырыбында, ал облыстық мешіттің наиб имамдары Алмат Әли, Мұхаммедисмаил Шадман, Нұрбол Смағұлов және Абзал Медетбеков «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі; Ас беру мәдениеті», «Имамның тұлғалық келбеті; ҚМДБ қызметкерінің ЭТИКАСЫ», «Зияткер имам» тұжырымдамасы; Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы; Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбы аясына жіті тоқталып, дәрістер өтті.

Айта кетсек, тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, емделуге, Отан қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарастары айқын көрсетіледі.

Семинар барысында мүфтият жұмысы мен имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттардың маңыздылығын атады Бас имам. Сонымен қатар Ақтөбе өкілдігінде бүгінге дейін тұғырнаманы насихаттау барысында семинарлар мен сайыстар өткендігін баяндады. Одан өзге аудандарда да игі бастама жалғасын табуын тапсырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі