Ораза айт мерекесінде балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды 6110

Ораза айт мерекесінде балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

20 наурыз 2026 18 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қайырымдылық және рухани шаралар жалғасып келеді.

Осы жоспар аясында Ораза айт мерекесінде Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Рамазан тәттісі» акциясы ұйымдастырылып, балаларға тәттілер таратылды.

Аталған игі шараға мешіттің наиб имамы Қанат Қасымов арнайы қатысып, балаларға тәттілерді табыстады. Бұл бастама қасиетті жас ұрпақтың көңіліне қуаныш сыйлап, мейірім мен жанашырлықты дәріптеуді мақсат етеді. Балалардың бойында ізгілікке, қамқорлыққа және рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі