Мешіт қызметкерлеріне Умраға жолдама берілді 5941

Мешіт қызметкерлеріне Умраға жолдама берілді

16 ақпан 2026 101 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкерлеріне «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Умра сапарына жолдама табысталды.

Жұма намазы барысында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли жамағаттың алдында мешіт операторы Садық Өтегенов пен мешіт ұстазы Гүлжайнар Ералиеваға қасиетті сапарға жолдама сертификатын тапсырды.

Аталған жолдамалар жеке демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл – мешіт қызметінде еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген құрметтің көрінісі.

Дін қызметкерлері қасиетті сапарға Рамазан айының алғашқы он күнінде барады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі