Нашақорлыққа жол жоқ
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында “Сүлеймен ата” мешітінің бас имамы Урдакулов Ақылбектің бастамасымен Көктем ықшам ауданының тұрғындарына кітапша (брошюра) таратылды.
Кітапшада: “Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Расында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?”,- деп Құран аяттарынан ескертулер келтірілді.
Сонымен қатар түсіндіру жұмысы аясында денсаулықтың аманат екендігі айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітітінің баспасөз қызметі








































