Хромтау: Әйел жамағаты экскурсияға барды 3112

Хромтау: Әйел жамағаты экскурсияға барды

20 қараша 2023 1366 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұстазының жетекшілігімен аудандық мешіттің әйел жамағаты Хромтау аудандық тарихи- өлкетану мұражайына экскурсияға барды. 

Сонымен қатар аталған шарада мешіт ұстазы қазақтын байырғы тұрмыс-салты, ұлттық құндылықтары мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп өтті.

Одан өзге мешіт шәкірттері музейдегі тарихи заттарға тәнті болды. Тарихи шара негізінде шәкірттерге сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі