Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің тағайындалғанына 1 жыл (ФОТО) 4755

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің тағайындалғанына 1 жыл (ФОТО)

22 тамыз 2025 432 Оқу 1 минут

2024 жылдың 23 тамыз күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен Амантай Садиев Ақтөбе облысының Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Еске салсақ, жаңа тағайындауды ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай жұмаға жиналған жамағатқа таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

30 жылға жуық еңбек өтілі бар, білімді де білікті Амантай Садиевтің Ақтөбе облысының бас имамы қызметіндегі 1 жылдың қорытынды есебіне шолу жасасақ. 

952 ШАРА АЯСЫНДА 93 565 ОТБАСЫҒА (АДАМ) ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

ҚМДБ-на қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан», «Өмірге үміт сыйла», «Ел үлесі-пәтерге», «Киім-кешек», «Қолдан-қолға», «Жылулық сыйла», «Шәкірттер», «Рамазан» жобасы, «Құрбан айт» акциялары аясында Ақтөбе облысы өкілдігінде 2024 жылдың 23 тамызынан бастап 2025 жылдың тамыз айы аралығында 952 шара ұйымдастырылып, көп балалы, жалғызбасты ана, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі санаттағы 93 565 отбасыға (адам) қайырымдылық жасалды.

6 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

1 жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі санаттағы және жалғыз басты, көп балалы 6 отбасыға үй берілді. Оның 4-і Ақтөбе қаласынан, 2-і Шалқар ауданынан. Шалқарлық отбасының бірі 12 бала тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя. Ал екіншісі 1 санаттағы мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы. Ақтөбе қаласындағы 4 үйді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы хазірет мүфтият атынан берілген ауызашар дастарханында табыстады.

«Жас маманды қолдау» акциясы аясында Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәләм» мешітіне жаңадан тағайындалған наиб имамға, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті, Ақтөбелік шәкіртке және Мысыр елі, «Әл-Әзһар» университетінде білім алып жатқан ақтөбелік шәкіртке шәкіртақы сертификаты, «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша «Сүлеймен ата» мешітінің ұстаздың еміне көмек берілді.

Сондай-ақ облыс бойынша 9 мешітке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту қазандықтары жаңартылып, кілемдер төселіп, автокөлік алынды.

17 ЖЫЛДАН КЕЙІН ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ «НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІНІҢ КІЛЕМІ ҚАЗАҚЫ ҮЛГІДЕ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет 2025 жылды «Ислам және отбасы» құндылығы деп бекітіп, осы жыл аясында барлық мешіттерді қазақы үлгіге сай жабдықтауды тапсырған болатын. Осыған орай Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев шұғыл әрекетке көшіп, жергілікті жамағат пен белді кәсіпкерлердің басын қосып, бір мезетте 4 000 адам құлшылық ететін 2211 шаршы метр жерді қамтитын облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кілемі қазақы үлгіде су жаңа кілем төселді.

КӨЛІК ТҰРАҚ ЖӘНЕ ЖОЛДАРҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің айналасындағы көлік тұрақ пен жолдарға жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен асфальт төселді. Игі істің нәтижесінде мешіт ауласының ой-шұқырлары тегістеліп, көліктің кіріп-шығуы жеңілдеді.

Ал «Рамазан» жобасы қайырымдылық акциясы бойынша (Ауызашар, сәре, Рамазан тәттісі) – 649 шара ұйымдастырылып, 85 384 адам көмек берілді.

Құрбан айтта 703 қой, 56 ірі қара, 6 ешкі малы құрбандыққа шалынып, 37 тоннаға жуық құрбандық еттері 2418 отбасы мен 9 мекемеге таратылды.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 5 МЕШІТ АШЫЛДЫ

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласы Қурайлы елдімекеніндегі 600 адамға арналған жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің жетекшілігімен 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Ақтөбе қаласында екі мешіт жанынан рухани-танымдық орталық ашылды.

«MUFTIYAT» баспасының кітаптары мен төл басылымдары, тарихи пен Алаш зиялыларының еңбектері, яғни 2 мыңнан астам көркем әдебиеттермен толықтырылған рухани-танымдық орталық «Анашым» және «Ар-Рахим» мешіттері жанынан құрылып, қала тұрғындарына пайдалануға берілді.

Қарғалы ауданында «Ас-Самиғ», Шалқар ауданында «Тәубе» мешіті ашылды.

46 ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Кадр мәселеріне де жіте мән берді. Өкілдікте 46 жаңа имам қызметке тағайындалды.



КУРС-СЕМИНАРЛАР

Өңірдегі діни мамандардың біліктілігін жетілдір мақсатында имамдар мен ұстаздарға арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарды арнайы ҚМДБ-ның РАНТ мүшелері өтті.

ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Болашақ дін мамандарын дайындайтын оқу орны «Нұр Мүбарак» Египет университетінде оқып жатырған ақтөбелік шәкірттермен кездесіп, хәл-ахуалын білді.

10 АУДАНҒА 15 ІС-САПАР

Амантай Садиев 10 ауданға (Темір, Мәртөк, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Хромтау, Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда) арнайы 15 рет іс сапармен барды. Сапар барысында мешіттен өзге, аудан әкімдерімен кездесіп, өңірдің діни ахауалын тұрақтандыру жұмыстарына байланысты келіссөздер жүргізді. Одан өзге мәдениет ошағы кітапхана мен музейге барып, экскурсия жасады.

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРУ

Жат ағымнан сақтандыру бағыты бойынша 235 ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмысы, ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеушілерге 85 ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ПӘТУА САҒАТЫ

Облысы бойынша әр жұма күні 228 «Пәтуа сағаты» өтті. Өкілдікте бүгінге дейін «Шариғат және пәтуа» бөліміне әлеуметтік желі арқылы қойылған 1524, телефон арқылы қойылған 1419 сұраққа және жеке кездесудегі 2724 сауалға толыққанды жауап берілді.


ОҚУ-АҒАРТУ

Ақтөбе облысында оқу-ағарту бағыты бойынша 250 шара өтті. Сауат ашу курсын 5000 шәкірт оқыды. Оның 3000-ы курсты бітіріп, Құранға түсті.


ҚМДБ «Халал даму» сертификаты

Ақтөбе облысында 1 жыл ішінде ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының 15 кәсіпорын сертификатын алды.

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Ақтөбеде алғаш рет «Ruhani camp» жастар бас қосуы ұйымдастырылып, облыстың бас имамы Амантай Садиев жастармен жүздесіп, тәрбиелік бағыттағы сұхбаттар өткізді.

Өңірде «Әжелер» мен «Аталар» мектебінің жұмысы жанданды.

«ӘЙЕЛДЕР» ОРТАЛЫҒЫ

«Ислам және отбасы» құндылығы жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жылдық тапсырмасы бойынша, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің жетекшілігімен Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешіті жанынан «Әйелдер» орталығы ашылды.

КІТАПХАНА МЕН КІТАП ОҚУ ДАҒДЫСЫ

Облыстың Бас имамының бастамасымен төл тарихымыз, ұлттық құндылықтарымыздан нәр алып, сол арқылы білім-ғылымға, кемелденуге ұмтылу мақсатында әр мешітте кітапхана ашылып, онда Алаш арыстарының еңбектері, көркем әдебиеттермен кітапқоры толықты.

Қаладағы барлық имамдар облыстық С.Бәйішев кітапханасында оқырмандар клубына жазылып, апта сайын кітап оқу дағдысын қалыптастырды.

БАҚ-ПЕН ЖҮЗДЕСУ

Амантай Садиев 3 рет БАҚ өкілдерімен жүздесті. 2 рет Рамазан және Құрбан айт қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысты. 1 рет тілшілермен арнайы кездесу ұйымдастырды. Республикалық және облыстық БАҚ-қа ҚМДБ телеарнасы «Мұнара» арнасына жалпы 32 рет сұхбат берді. 10 мақаласы жарық көрді.

Дін мен дәстүрді егіз ұғым санаған бас имам өңірдегі әр шарада ұлттық құндылыққа жіті мән беріп, дін маманы мен мешіт қызметкерлерінеде аса зер салуын алдыңғы қатарға қойды. Саусақ бірікпей ине ілікпейді сөзін өмірлік қағидасынан айналдырған Амантай Садиев игі істі ұйымдастыруда қабілеті аса жоғары. Бір үйдің баласындай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, кәсіпкер, дін жанашырларымен әрдайым кеңесе отырып, Ислам дінінің насихатында қажырлы еңбек етіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі