Хромтау: 7 ТҮЛЕК МЕДРЕСЕГЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРАДЫ 662

Хромтау: 7 ТҮЛЕК МЕДРЕСЕГЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРАДЫ

15 маусым 2021 158 Оқу 1 минут

Кеше, Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде түлектердің басын қосқан берекелі жиын өтті.

Хромтау ауданының Бас имамы әрі «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбаевтың төрағалығымен өткен жиынға биылғы мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары да қатысты.

Бас имамның айтуынша, биыл мешіт жанынан ашылған сауат ашу орталығынан діни білім алған 7 түлек медресе-колледждерге құжат тапсырғалы отыр. Оқу бітіргелі тұрған жас түлектер басқосуда өздерінің алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Ерік Қонақбаев жас түлектерге: «Білім – біздердің қателіктерімізді түзеп, мақсатымызды нақтылауға көмектеседі. Білім – надандықтың қараңғылығынан даналықтың нұрына жетелейді», - дей келе, ол үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге рухани кеңес беріп, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы салиқалы тағылым айтты.

Жас түлектерге арналған шарада Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі Жайнагүл Баймағанбетқызы да ақ тілегін жолдады. Ол өз сөзінде Елбасымыздың «Еліміздің ертеңгі тағдыры білімді жастардың қолында» деген қанатты сөзін қаперге салып, жастарға діни білім жолында қадамдарына сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, ҚМДБ-ның әр облыстағы мешіттері жанынан сауат ашу курстары жүргізілуде. Алла үйлеріндегі діни қызметкерлер мешітке келген жамағатқа діни білім беріп, араларынан болашақ дін мамамандарын дайындайтын діни оқу орындарына шәкірттер тәрбиелеуде.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі