Ақтөбе: Ембі қаласынан 9 шәкірт діни оқу орындарына аттануда 661

Ақтөбе: Ембі қаласынан 9 шәкірт діни оқу орындарына аттануда

15 маусым 2021 255 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның басты 7 бағыттарының бірі – оқу-ағарту және кадрлық әлеует. Негізгі мақсат – мешіттерге келген жамағатқа сауат ашу курстарын ұйымдастыру арқылы діни білім беру. Сондай-ақ, аталмыш жамағаттың ішінен еліміздегі діни оқу орындарына шәкірт дайындап, жергілікті жерге болашақ білікті де білімді діни мамандарды шығарып әкелу.

Осыған орай, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов былтырдан бері Алланың үйінде сауат ашып келе жатқан бірнеше шәкірттерін ҚМДБ қарасты діни оқу орындарына шығарып салуда. Нұрсұлтан имам өз сөзінде: «Мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсында білім алған шәкірттеріміз көп. Солардың ішінен биыл 9 оқушы ары қарай діни білімдерін жалғастыру мақсатында медресе-колледждерге аттанып жатыр. Олардың қатарында 6 ер және 3 қыз бала. Араларында мектепті «Алтын белгімен» бітірген үздіктер бар» деп өз қуанышымен бөлісіп жатыр. Алдағы уақытта аталмыш шәкірттер «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен медресе-колледждерге талапкер ретінде ұсынылып, емтихан тапсыратын болады. Мешіттің атынан білім жолына шыққан шәкірттерге 130 мың теңге қаржылай көмек беріліп, мешіттің ақсақалы Талап молда жастарға ақ батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі