ҒҰРЫПТЫ САҚТАУ – РУХАНИ МҰРАНЫ САҚТАУ 6684

ҒҰРЫПТЫ САҚТАУ – РУХАНИ МҰРАНЫ САҚТАУ

23 қыркүйек 2026 8 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық музейінің ұжымымен «Ғұрыпты сақтау – рухани мұраны сақтау» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр қатысып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың мән-маңызы, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны және рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызы жөнінде сөз қозғады.

Кездесу барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ салт-дәстүрді дұрыс түсініп, оның тәрбиелік мәнін насихаттау мәселесіне назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, рухани және ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңызын атап өтті.