Ырғыз ауданы жамағатына Ихсан ілімі насихатталды 663

Ырғыз ауданы жамағатына Ихсан ілімі насихатталды

15 маусым 2021 118 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Ырғыз аудандық мешітінде жамағатқа арналған айлық дастарқан жайылып, сұхбат жүргізілді. Жиын барысында Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Ихсан ілімі аясында Құран Кәрімдегі екі өмірде де асыл мақсат-мұраттарына жететін нағыз мұсылмандардың бірқатар сипаттары баяндалған Муминун сүресінің бастапқы аяттарын тәпсірлеп, жиналған ауыл жастарына уағыз-насихат айтты. Нағыз мұсылман адамның - Алланың бұйырған парыздарына берік болып, тыйған тыйымдарынан бойын аулақ ұстайтындығын, бос, пайдасыз істерден аулақ болып, өзіне сеніп тапсырылған аманат пен міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, берген уәдесіне берік болатындығын жеткізді. Міне, осындай мұсылмандар екі өмірде де мақсат-мұраттарына жететіндігін баяндап өтті. Осы қасиеттерден айнымау үшін әрдайым Жаратушы Иеміздің бізді көріп-бақылап тұратындығын естен шығармау қажеттігін қаперге салды. Сұхбаттың соңында жамағаттың арасында білім сайысы өтетіндігін жариялады. Атап айтқанда, Алтынбек Ұтысханұлының «Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ» атты кітапшасын жамағатқа таратып беріп, осы айдың соңында сол кітапша бойынша сайыс өткізіліп, жеңімпаздарға арнаулы сыйлықтар берілетіндігін хабарлады.


Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі