Хромтау: 2025 жылға арналған жылдық жоспар таныстырылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде аудан имамдарына жиналыс өтті.
Аталған жиналыс барысында ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлы 2025 жылға арналған жылдық жоспарды таныстырды.
Сонымен қатар «Ислам және отбасы құндылығы» жылының маңыздылығын түсіндірді. Одан өзге биыл ҚМДБ бекіткен төрт бағыт аясында жұмыстарды талдап, тапсырмаларды бекітті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі