Жастар тазалық жұмыстарын жүргізді
Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан.
Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. ҚМДБ Ақтөбе Жастар ісі секторы осыны негізге алып, жұма күні ашылған «Анашым» және «Ар Рахим» мешіттеріне толықтай тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған сауапқа толы шараға қаламыздың 50-ге жуық жастары жиналып, әр мешіттін ішкі және сыртқы тазалық жұмыстары атсалысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі