ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» ұйымы кезекті аудиттен өтті 4082

ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» ұйымы кезекті аудиттен өтті

28 қаңтар 2025 123 Оқу 1 минут

2024 жылдың қараша айында ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ұйым ҚМДБ халал сертификатына ие болды. Қазіргі уақытта ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» тау-кен саласында қызмет ететін ЖШС «Восход-Oriel» және ЖШС «Восход Хром» кәсіпорындарының қызметкерлерін сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыру қызметімен айналысуда.

Қаңтар айында жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы Хромтау ауданы, Дөң ауылының маңында, «Восход» ірі кәсіпорындар аймағында орналасқан ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» ұйымына барып, ұйымның жұмыс барысын тексеріп, айлық аудит жүргізді.

Аудит нәтижесі бойынша, кәсіпорынның қызметі барлық талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі