МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 1860

МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

03 шілде 2022 66 Оқу 1 минут

Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері қажыларға қызмет көрсететін компанияларды зиярат етіп, қажылардың жай-күйімен танысты.

Mиссия төрағасы Ершат қажы Оңғар бастаған жұмыс тобы Мекке қаласына алғаш болып жеткен «Al-Marwa» қажылық компаниясы орналасқан қонақ үйге келіп, қажылармен жүздесті. Ас мәзірі, азық-түліктің сапасы, қонақ үйдің тазалығы, қажыларға қызмет көрсететін гид саны және күнделікті айтылатын уағыз-насихат барысы тексерілді.

Миссия мүшелері қажылармен кездесу барысында олардан анкеталық сауалнама алып, миссия жұмысын түсіндірді. Сондай-ақ қажыларға қызмет көрсететін фирмалардың қызмет сапасын жетілдіру бағыттары түсіндірілді.

ҚМДБ «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев қажылық парызы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтса, Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Медет Құрсақов қажыларды толғандырған сауалдарға жауап берді. 

«Al-Marwa» қажылық компаниясы арқылы Меккеге келген қажылармен жүздесу барысында дәрігерлер тобының жетекшісі Әбдіжаппар Еркінұлы ыстықтан қорғану, денсаулық күтімі жайлы түсіндірді. Қазақстан қажылық миссиясының қажылық компаниядарын тексеру жұмыстары жалғасады.