Наиб имам Ойыл ауданында насихат айтты 3286

Наиб имам Ойыл ауданында насихат айтты

17 наурыз 2024 667 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев Ойыл аудандық мешітіне іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында қасиетті жұма күні намазға жиналған жамағатпен кездесіп сұхбаттасты. Жұма уағызын айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ ҚМДБ «Уақып» қорының жобаларымен таныстырып, исламдағы уақып жұмысын кеңінен таныстырды. Сонымен қатар кәсіпкерлерді сауабы мол айда уақып арқылы қайырымдылық жасауға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі