РАТТ мүшесімен тағылымды кездесу ұйымдастырылды
ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде тағлымды кездесу ұйымдастырылды.
Шараға арнайы РАТТ мүшесі, «IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығы» ҚҚ бас сарапшысы, исламтанушы Ербол Ахметов қатысып, «Жас кезде ілім алудың пайдасы» тақырыбында насихат айтты.
РАТТ мүшесі тұлға болып қалыптасуындағы білімнің рөліне тоқталып, ғылымға ұмтылудың – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіндегі маңызды амалдардың бірі екендігін атап, білімді тек дүниелік мақсатта ғана емес, Алла разылығы үшін ізденудің маңыздылығына тоқталды.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы жастардың имандылыққа, ізгілікке және ғылым-білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың діни сауатын көтеру және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағыт беру деп кездесудің маңыздылығына тоқталды.
Одан өзге ата-анаға құрмет, жақсы орта таңдау, уақытты тиімді пайдалану және жастық шақтың қадірін білу секілді тәрбиелік мәні зор мәселелер көтерілді. Жамағат өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәлімет алып, руханитты байытатын кездесу өтті деп қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































