«Халал Даму» орталығының бас маманы тарихи мешіттің жамағатымен кездесті
Бүгін ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы арнайы іссапармен Ақтөбе қаласына келді.
Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастырымен бас маман Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбына арналды. Мейіржан Бауыржанұлы халал стандарттарының талаптары, адал өнім өндірудегі жауапкершілік және кәсіпкерлік қызметті шариғат қағидаларына сай жүргізудің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толықанды жауаптар беріліп, халал саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар шара аясында бірқатар кәсіпорындарға халал сертификаттары табысталды. Атап айтқанда: «Champion Sandwich», «Манты от Жанат Бекбауов», «Balgun Tort», «Amandyk-Er», «СМАК», «Миндаль», «Nurba Et» кәсіпорындары ҚМДБ «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкестігін растады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































