ҚМДБ «Халал Даму» орталығының бас маманы «Мұнара» телеарнасында  қонақ болды 5943

ҚМДБ «Халал Даму» орталығының бас маманы «Мұнара» телеарнасында қонақ болды

16 ақпан 2026 22 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы Ақтөбеге келген іс сапары барысында «Мұнара» телеарнасының өңірдегі студиясында қонақ болды.

Бас маман журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында технолог ретінде ауызашар және сәреде тамақтануға арналған арнайы кеңестер айтты. Сонымен қатар ауызашарда тамақтану орындары, ҚМДБ халал сертификаның маңыздылығына тоқталды. Одан өзге тіскебасар,  шұжық өнімдерін, күнделікті қолданатын сусабын мен сабындарды, тіс пасталарын талдап өтті.

Толығырақ сұхбатты Рамазан айында ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі