«Тайқазан»: 15 отбасыға қуаныш сыйлады 6576

«Тайқазан»: 15 отбасыға қуаныш сыйлады

22 шілде 2026 40 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 15 отбасыға қуаныш сыйлады.

«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа ешқашан мойымаңыздар. Отбасыларыңыздан елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін»,-деді Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин.

Игі шара аясында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға жалпы салмағы 125 кг құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шара барысында ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екені айтылып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасө қызметі