Облыстың Бас имамы Амантай Садиев Алға ауданына арнайы іс сапармен барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Алға ауданына арнайы іс сапармен барды.
Сапар барысында аудандық «Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы хазірет мешітінде жұма насихатын айтып, жұма намазын өткізді.
Облыстың Бас имамы «Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болмысы мен мәмілесі» атты уағызда Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамзат тарихында өнегесі биік, күллі мұсылман үмбеті үлгі тұтан бірден-бір тұлға. Ол әділдіктің, мейірім мен кешірімділіктің жарқын үлгісі әрі өнегесі екендігі туралы айтты.
Сонымен қатар жұма намаздан кейін мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Жамағатпен сұхбаттасып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Одан өзге сапар аясында Бестамақ ауылында сыйымдылығы 500 адамды қамтитын жаңа мешіт құрылысымен жіті танысып шықты. Жұмыс барысын көріп, ауданның бас имамына құрылыс жұмысын пысықтауға байланысты тапсырмалар берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



















































