Ембі қаласында «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбында рухани шара өтті 6593

Ембі қаласында «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбында рухани шара өтті

30 шілде 2026 71 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданына қарасты Ембі қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерсейт Оразханұлының бастамасымен әйелдер жамағатына арналған рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан мешіт жанындағы сауат ашу курсының ұстазы Қарлығаш Рысбек жамағатқа облыстан арнайы іссапармен келген ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарованы таныстырды. Сондай-ақ осындай мазмұнды басқосудың өтуіне мұрындық болған мешіт имамына алғыс білдірді.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбында уағыз айтып, асыл дініміздің қыз-келіншектерге берген жоғары орны мен құрметіне тоқталды.

Шара қорытындысында облыстық сектор басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл «Muftiyat» баспасынан жарық көрген жаңа әдебиеттерді таныстырды. Ол діни сауатты арттыру, сенімді дереккөздерден ілім алу және рухани тұрғыдан кемелдену жолында кітаптың орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар жиналған қауымды бос уақытты тиімді пайдаланып, кітап оқуды тұрақты әдетке айналдыруға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі