Облыстың Бас имамы: Салиқалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады 2395

Облыстың Бас имамы: Салиқалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады

31 қаңтар 2023 225 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі Шамсия Айжарықова «Aqtobe» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасында қонақ болып, «Қыз баланың тәрбиесі» туралы сұхбат берді. 

Тікелей эфир барысында өткен бағдарламада облыстың Бас имамы: «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені, қыз – болашақ ұрпақтың анасы.

Қазіргі таңда қыздардың тәрбиесіне аса мән беруге тиіспіз. Қыз баланы тәрбиелеу – бір адам емес, бәлкім бір ұрпақты тәрбиелеу. Салиқалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады.

Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас жасаудың өзінде нәзіктік символ бар. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қыз балалардың қадір-қасиеті жайында былай деген: «Қыздар – мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі» -дейді деп бағдарлама жүргізушісі Мира Исатайдың сұрақтарына сүбелі жауап берді.

Одан өзге облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі ақын Аққұштап Бақтыгерееваның жырларындағы қыз бала тақырыбына ерекше тоқталғанын атап өтіп, салт-дәстүрімізді білген әр қазақ қызы дана болатынын баяндады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі