Дін қайраткерлерін ақтауға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді 981

Дін қайраткерлерін ақтауға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

20 қазан 2021 133 Оқу 1 минут

21 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, сондай-ақ ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан Қыдырәлі және тарихшылар Айшуақ Дәрменұлы, Талғат Жолдасұлы қатысады.

Конференцияда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай және Шаповал Юлия саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері жайлы арнайы баяндама жасайды.

Сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шәмшедин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндайды. Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы үндеу жарияланады.