«Ақтөбе» медресе-колледжі:  Облыстың Бас имамы оқу жылының ашылу салтанатына қатысты 4809

«Ақтөбе» медресе-колледжі: Облыстың Бас имамы оқу жылының ашылу салтанатына қатысты

08 қыркүйек 2025 213 Оқу 1 минут

 «Ақтөбе» медресе-колледжде жаңа оқу жылының ашылу салтанатына Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен қаланың Бас имамы Алмат Әли қатысты. 

Іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, мемлекеттік Әнұранмен жалғасын тапты.

Салтанатты жиынды Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев ашып, жаңа оқу жылының ашылуымен ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады. Сонымен қатар болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырып, игі ниетін жеткізді.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Амантай Садиев.

Ал медресе- колледж директоры Ерік Сұлтанов оқу үдерісінің жүйелі әрі белсенді өту қажеттігін атап өтті. Облыстың Бас имамына жиынға арнайы келіп, құрметті қонақ болғанына алғысын білдірді.

Одан өзге Бауыржан Нұрғалиев ұстаз колледждің басты мақсаты туралы айтса, жылдағы дәстүрге сәйкес бітіруші түлектер атынан Нұртай Байшырақұлы жаңадан қабылданған студенттерге ақ жарма тілегін білдірді.

Шара қорытындысында ата-баба жолын жалғаған ізгі дәстүрмен елімізге, жерімізге және дінімізге дұға жасалды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі