Аудандық кітапханаға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы табысталды 979

Аудандық кітапханаға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы табысталды

19 қазан 2021 89 Оқу 1 минут

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің Бас имамы Абай Шымболатов Қобда аудандық кітапханасының ұжымына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын табыстады.

Аталған кездесу барысында Бас имам оқырман мен студенттерге жаңа еңбектің маңыздылығын түсіндірді.

Сонымен қатар дін тақырыбындағы студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі