Ауданда «Әжелер мектебі» құрылып, жұмысын бастап кетті 2756

Ауданда «Әжелер мектебі» құрылып, жұмысын бастап кетті

07 маусым 2023 268 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің әйелдер дәрісханасында ұрпақ тәрбиесіне тікелей ат салысатын, қыздарға қырық үйден тыйым салатын «Әжелер мектебінің» алар орны ерекше екендігі турасында әйел жамағаты арасында дөңгелек үстел өтті.

Әжелер мектебі – бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі екендігі айтылды. Қазақтың данышпаны Абайдың солай кемел тұлға болып жетілуіне тікелей себеп болған оның әжесі Зере, сондай-ақ Шоқанның әжесі Айғаным, тарихта болған Ұлжан мен Ұлпан әжелер туралы да айтылды. Әжелер – даналықтың бұлағы. Әжесінің әлдиі мен ертегісін, ұлағатты сөздерін естіп өскен бала өмірде жақсы азамат болатыны белгілі. Өкініштісі бүгінгі таңда немерелеріне ертегі айтатын әжелер азайып барады. Әсіресе, қалада тәрбиеленгендер бесік жырын былай қойғанда немерелеріне ертегі айтып бере алмайды. Сол тұрғыда қалай жұмыс жасаймыз?

Әйел жамағаты ауданда шешендік сөздердің, жырлар мен өлеңдердің тамаша үлгілерін немерелері мен шөберелеріне үйретіп, қазақы қалыпта тәрбиелей білетін «Әжелер мектебін» қалыптастыру керек деген тұжырымға келді. Мешітіміздің әйел жамағаты арасында бұрын белгілі қызметте болған әжелер де бар. Сол кісілерді «әжелер мектебінің» құрамына бекітіп, әрі қарай сол мектептің жүйелі түрде жұмыс жасауына барлығымыз ат салысуымыз керек екендігі айтылды. Жалпы шараға 15 әйел адам қамтылды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі