Ойыл: Мәуліт айы ұлықталды 982

Ойыл: Мәуліт айы ұлықталды

20 қазан 2021 141 Оқу 1 минут

Рабиғул-ауәл айының 11-нен 12-не қараған мүбарак түні қарсаңында Ойыл аудандық мешітінде Мәуліт түні аталып өтті. 

Кеш барысында әуелі Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтумен басталып, мәуліт айы ұлықталды.

Сонымен қатар жамағатқа ардақты Пайғамбарға (с.а.с.)
деген махаббатын, оған деген сүйіспеншілікті арттыру жолдары мен Пайғамбарға лайықты шынайы үмбеті болу туралы айтылды.

Мәуліт айының негізгі ерекшелігі – сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) басқа айлардан қарағанда көбірек
салауат айту. Осыған орай жамағат арасында қасиетті мәуліт айы басталған сәттен кім қанша салауат айтқаны ескеріліп яғни ең көп салауат айтқан адамға құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлық табысталды.

Одан өзге ұйымдастырушылар тарапынан жамағатқа білімін шыңдау мақсатында Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінен сұрақтар қойылды.

Шара қортындысында барлық қатысушыға мәуліт хадиясы берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі