Хромтау: Ауданның Бас имамы Бөгетсайға барды 4780

Хромтау: Ауданның Бас имамы Бөгетсайға барды

02 қыркүйек 2025 244 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали Бөгетсай ауылдық «Ақнұр» мешітіне арнайы іс сапармен барды. 

Сапар барысында мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді. «Ақнұр» мешіті газбен жылыту жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар Марал Иманғали ауылдық округ әкімдігінде кездесуге барып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқарылатынын айтты.

Ауданның бас имамы іс сапар қорытында жұма намазын өткізіп, жамағаттың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі