БҰЛҒАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 1732

БҰЛҒАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 мамыр 2022 161 Оқу 1 минут

Бүгін «Ресей мұсылмандарының рухани мұралары» IV халықаралық Бұлғар форумы аясында конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы қатысып, баяндама жасады. Ол конференция делегаттарына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, игі тілегін білдірді.

Мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары мен дін қайраткерлері қатысқан конференцияда заманауи тақырыптарды қамтыған пәтуа шығарудың маңызы сөз болды.