Ақтөбе жамағаты басқосты 3651

Ақтөбе жамағаты басқосты

13 қыркүйек 2024 262 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты бейсенбілік басқосуы өтіп, оған облыстың Бас имамы Амантай Садиев қатысты.

Сауабы мол ізгі шараны Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ашып, маңыздылығына тоқталды.

Жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында өткен игі басқосуда облыстың Бас имамы Исламдағы бауырмашылдық негіздері, береке туралы насихат айтты.

«Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екенін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамға қарсы келу аяттың шеңберіне кіретінін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят мұсылмаға бүлік шығармауды бұйырып тұр.

Хазіреті Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық бір нәрсе айтайын ба?» - деді. Сахабалар: «Иә, айтыңыз, ей, Алланың Елшісі! - десті. Пайғамбарымыз: «Жарастыру, татуластыру. Себебі, араның бұзылуы шаштың түбінен емес, діннің түбінен қопарады», - деді» (Тирмизи, Қиямет 56) Амантай Әбділдаұлы.

Сонымен қатар игі басқосуда облыстың Бас имамы бауырмашылдықтың шарттары: 1.Шынайы Алла разылығы үшін болу; 2.Бауырмашылдық имани жолда, тақуалықта байланысу; 3. Өзара кешірімділікте болу; 4. Қиыншылық пен кеңшілікте ортақтасу туралы баяндады.

Одан өзге басқосуға РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекежан Аханұлы т.б қатысты.

Айта кетсек, бейсенбілік уағыз шайы әр аптаның бейсенбі күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өтеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі