ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ 1731

ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

19 мамыр 2022 68 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Көне Тараз өңірінен шыққан Мубашшир әт-Таразидің ұлы Насрулланың 100 жасқа толуы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Насрулла ат-Тарази – парсы тілі және әдебиеті бойынша ғылым докторы, профессор, ескі қолжазбарды оқу және талдау бойынша білікті маман, шығыстанушы ғалым.

Тараздан шыққан дін тұлғаларын көпшілікке таныту, еңбектерін оқырманға таныстыру мақсатында өткізілетін жиынға тарихшылар, зерттеушілер қатысып, Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы сыр шертеді.

Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан елдерініңжәне еліміздің профессор, докторлары баяндама жасайды. Конференция 24 мамырда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында өтеді.