«Нұр Ғасыр» мешітінде әйелдерге шеберлік сағаты өткізілді
Ақтөбе облысы «әйел-қыздар секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарованың жетекшілігімен «Шырайлым» қыз-келіншектер клубында әйел жамағаты арналған шеберлік сағаты өтті. Бұл шарада қатысушы келіншектер салт-дәстүрімізге сай, күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы заттарды тігу өнерінің негіздерін меңгерді.
Мастер-класста сыпыра, алжапқыш сияқты ас үйде және тұрмыстық қолдануға арналған жиынтықтар тігіліп, қатысушыларға практикалық дағдылар берілді.
Шара барысында ұстаз Кенжегүл Кушкарова әрбір келіншекке тігін өнерінің қыр-сырын көрсетіп, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен оны заманауи тұрмыстық қажеттіліктермен үйлестіру жолдарын түсіндірді. Қатысушылар өз қолымен жасаған бұйымдарын сыйлық ретінде алып, үйде отбасы игілігіне пайдалана алады.
Мұндай іс-шаралар әйелдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз үйлерін сәндеуге және исламдық тәрбиеге сәйкес өмір сүру мәдениетін арттыруға бағытталған. «Шырайлым» қыз-келіншектер клубы алдағы уақытта Рамазанға арналған түрлі шеберлік сағаттарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.








































