Шалқар: Үстел үстел теннисінен турнир өтті 3087

Шалқар: Үстел үстел теннисінен турнир өтті

03 қараша 2023 1085 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай дін қызметкерлері мен жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында үстел теннисінен турнир өтті.

Додаға он алты үміткер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Сайыста әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Абзал Қондыбайұлы І орын – (15 000 теңгелік сертификат), Бауыржан Балмұханұлы ІІ орын (10 000 теңгелік сертификат ) және Тоғжан Сәкен ІІІ- орын (5000 теңгелік сертификат) иеленді.

Шара қортындысында қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі