«Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе имамдарымен кездесті 664

«Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе имамдарымен кездесті

16 маусым 2021 227 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Ақтөбе облысына іс-сапармен келді. Алдымен Ақтөбе облысына тағайындалған жаңа бас имам Серікжан Еншібайұлын таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берген соң, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысы имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында Нұрбек Әуесханұлы имамдардың қоғамдағы рөлі мен халықпен етене араласатын дін қызметкерлерінің бойынан табылу керек болған әдептерге тоқталды. Имамдардың жүріс-тұрысына қарап, бүкіл Ислам дініне баға берілетінін ескере келе, имамның тұлғалық бейнесі мен келбетіне тиісті болған сипаттарға мән беру керек екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ақтөбе облысы имамдарына жолдаған ыстық сәлемін жеткізе келе, діни басқарма өз қарамағындағы имамдар мен ұстаздарды қашан да қолдауға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, тамыз айында Ақтөбе облысына жоспарланған Бас мүфтидің сапарына байланысты бірқатар тапсырмалар беріп, өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі