Ұстаз  «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын  жүргізді 1460

Ұстаз «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

28 наурыз 2022 174 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Шалқар қаласындағы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-нің және Тоғыз ауылдық округі №7 ЖОББМ-нің 9-11 сынып оқушыларына «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Ұстаз кездесу барысында салт-дәстүрлеріміздің шариғат негізінен алынуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жат ағымнан сақтану туралы айтып өтті.

Одан өзге шарада мұғалімдер мен оқушылар дін мен дәстүр аясында қойылған сұрақтарына Жұлдыз Тілеубай тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі