Бас мешітте «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды 1112

Бас мешітте «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды

19 қараша 2021 228 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма күніне орай арнайы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли мен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы және жалғызбасты 20 отбасыға 240 кг азық-түлік қоржынын Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы үлестірді.
Шара соңында ұйымдастырушыларға аналар батасын беріп, алғыс айтты.

Еске салсақ, түрлі сауда ұйымдарының соңғы кездері «Қара жұма» деген атау қойып, күндердің сұлтаны болған жұманың құтын қашырып келе жатқаны жасырын емес. Осы орайда жұма күнінің қадір-қасиет ұлықтау мақсатында Діни басқарма тарапынан қолға алынған «Қайырымды жұма» акциясы қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып келеді. Игі шараға белсене үн қосқан Ақтөбе өкілдігінде «Қайырымды жұма» акциясы дәстүрлі түрде өтіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі