Ақтөбе мешіттерінде қазан айының соңғы пәтуа сағаты өтті
Ақтөбе облысына қарасты мешіттерде жұма намазына жиналған жамағат арасында қазан айының қорытынды пәтуа сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жамағатқа дін мен дәстүр, шариғат талаптары, күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер және мұсылманның міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сауалдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бағытындағы ұстанымдары негізінде жеке-жеке жауаптар беріліп, діни мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер жасалды.
Пәтуа сағатының негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, көкейде жүрген сауалдарға дұрыс әрі нақты жауап беру және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау.






































