Бағлан Шежімбай «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам университетінің оқытушысы, «Әл-Азһар» университетінің түлегі, исламтанушы, Алматы облысына қарасты Талғар аудандық «Әбу Бәкір» мешітінің ұстазы Бағлан Шежімбай республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.
Исламтанушы журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына «Тақуалық таразысы» тақырыбында сұхбат берді.
Тақырып аясында көзге көрінбейтін күнәлар, бейқамдық, жауапкершілік, неке тақырыбы, өтірік айту, желідегі өмір, әлеуметтік желі арқылы зина жасау туралы қойылған әр сұраққа дін мен дәстүр аясында жіті талдап, жауап берді.
Сұхбатты осы жұма күні яғни 29 мамыр күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай!
«Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































