Сектор меңгерушісі «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Ақтөбе облысына келген екі күндік іс сапары аясында «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.
Кездесуде сектор меңгерушісі болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырды.
Сонымен қатар жас буынға рухани тәрбие мен білімнің сабақтастығын түсіндіріп, сондай-ақ қыз баланың қоғам мен отбасындағы рөлін ислам тұрғысынан жіті түсіндірді.
Одан өзге Динара Құтқожақызы жастарға адал білім алудың маңыздылығын айтып, «Біліммен иманды ұштастырған жас – ертеңгі елдің тірегі» екенін ерекше атап өтті. Шәкірттерге өмірлік мақсат қою, ата-анаға құрмет, имандылық пен ізгілікке ұмтылу туралы өнегелі кеңестер берді.
Кездесуге облыс бойынша сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, оқу ордасының ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































