«Бала тілі бал» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды 1615

«Бала тілі бал» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды

29 сәуір 2022 136 Оқу 1 минут

«Әс-сәлам» мешітінде он екі айдың сұлтаны Рамазанның құрметіне орай және «Балалар жылы» аясында 3-7 жас аралығында балалар арасында «Бала тілі бал» тақырыбында сайыс өтті.

Іс-шара «Әс-сәлам» қарилар медресесінің шәкірті Панабай Муслимнің Құран Кәрімді оқуымен басталды. Сонымен қатар жарыста «Әс-сәлам» мешітінің имамы Нұрлыбек Такеев жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Сұрақ-жауап» негізінде өткен додада қатысушылардың өнеріне ақ жаулықты әжелер қазылық етті. Ал шара қортындысында ұстаз Ақжарқын Жилисбаева игі шараның мақсаты Рамазан айын ұлықтау екенін айтып, қатысушыларға сыйлықтар тарту етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі