«Құран түскен құтты ай» атты шара ұйымдастырылды 2638

«Құран түскен құтты ай» атты шара ұйымдастырылды

15 сәуір 2023 113 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Құран түскен құтты ай» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – Алланың кәләмін осы бір қадірлі айда мейлінше көбірек оқып, жамағатпен хатым ету үшін ұлы кітаптың мәнін одан әрі терең ұғыну.

Іс-шара Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мұсақызының «Рамазан айының қадірі» тақырыбындағы уағыз-насихатымен басталды.

Насихат барысында ұстаз «Қасиетті айдың соңғы он күндігінде амалдарды арттырып, келесі Рамазанға аман-есен жетуге дұға етейік. Бір айы бойы берілген мүмкіндікте тәмамдалуда, ендеше әр сәтімізді сауапқа айналдыруға күш салайық»,-деп айтты.

Одан өзге іс-шара шәкірттер тарапынан ұйымдастырылған қызықты ойындар және сұрақ-жауаптармен жалғасты.

Ізгі шарада кеш қонақтарына «Рамазан қоржыны» сыйға тартылып, ақ жаулықты аналар барша жамағатқа дұға жасады.

Айта кетсек, 70-ке жуық адам қатысып, рухани кештің куәсі болды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі