Астана: «Он күнде құранға түс» жобасы басталды
«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған «Он күнде Құранға түс» жобасы бастау алды.
Аталмыш жоба жамағаттың Құранға деген ынтасын арттыру һәм оған апарар жолды жеңілдету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Небәрі он күнге созылатын Құран дәрістері мешіт ұстаздары тарапынан айына екі рет өткізіліп отырады.
Курстың алғашқы лек қатысушылары семинарды сәтті аяқтап, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысып, шәкірттерді жетістігімен құттықтады.
Сондай-ақ, аталмыш семинар «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір айда екі рет өткізіліп отыратынын хабарлап, жамағаттың білімін арттыру мақсатындағы игі бастаманың жалғасатынын жеткізді.





































