Ақтөбе: Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне наиб имам тағайындалды 1898

Ақтөбе: Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне наиб имам тағайындалды

10 шілде 2022 224 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы болып Абзал Медетбеков тағайындалды. 

Ол осыған дейін 2016-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Сейіткәрім қажы» мешітінде, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы, Қаратау аудандық орталық «Байғұт баба» мешітінде наиб имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Абзал Қондыбайұлы — «Астана» медресе-колледжі (2010-2013 жж) мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің (2013-2016 жж) және Түркия республикасындағы Хасеки (2019-2022 жж) имамдардың білімін жетілдіру академиясының түлегі.

Жаңадан тағайындалған наиб имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі