Облыстың Бас имамы Ойыл ауданының әкімімен кездесті 3709

Облыстың Бас имамы Ойыл ауданының әкімімен кездесті

21 қыркүйек 2024 330 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен барған үшінші аудан – Ойыл ауданы. Сапар барысы Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевпен кездесумен басталды.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай, «ПАРАСАТ» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығының әлеуметтік тапсырыс аясындағы жоба жетекшісі Мақсат Мұратұлы, имамдар т.б қатысып, аудандағы дін ахуал талқыланып, атқарылу керек жұмыстар пысықталды.

Кездесу барысында Облыстың Бас имамы жұмыс сапарымен келген үшінші аудан – Ойыл екендігін айтып, аталған өңірдегі діни ахуалды жақсарту үшін бірлік пен ынтамақта жұмыс жасау керектігін тілге тиек етіп, жаңадан тағайындалған ауданның бас имамын таныстырды. Сонымен қатар күн тәртібіндегі дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелеріне тоқталды.

Одан өзге аудан әкімі облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, барынша қолдау көрсететіндігін, бірлесіп жұмыс атқаратындығын айтты. Ал облыстың Бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі