ҚМДБ 30 жылдық мерейтойына орай имамдар марапатталды 377

ҚМДБ 30 жылдық мерейтойына орай имамдар марапатталды

21 қараша 2020 231 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің имамдары жыл жұмысын қорытындылап, есеп берді. Аталмыш шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы арнайы қатысты. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет карантин кезінде қайырымдылық шаралары мен діни рәсімдерді атқарып, халыққа рухани қолдау көрсеткендері үшін барша облыс имамдарына алғыс білдірді. Сонымен қатар Мейрамбек Зинабдинұлы биыл діни қызметте белсенділік танытқан 4 имамды облыс әкімі Оңдасын Оразалинның атынан марапаттап, Мәртөк ауданындағы «Зәру» шипажайына жолдама табыстады.

Өңір басшысы О.Оразалинның марапатына – діни тұрақтылықты сақтау, діни оқу орындарына шәкірт жіберу және қайырымдылық шараларын ұйымдастырудағы белсендігі үшін Алға аудандық мешітінің Бас имамы Әбдіуахит Әбдірасулов, діни тұрақтылықты сақтау, діни оңалту жұмыстарын жүргізу, «Ел үлесі пәтерге» акицясын ұйымдастырудағы белсендігі үшін Шалқар аудандық мешітінің Бас имамы Бақыт Тойшыбаев, діни тұрақтылықты сақтау, діни оңалту жұмыстарын жүргізу, мешіт құжаттарын рәсімдеу және қайырымдылық шараларындағы белсендігі үшін Мұғалжар аудандық мешітінің Бас имамы Әсемхан Ерғазин және діни тұрақтылықты сақтау, діни оқу орындарына шәкірт жіберу, ауыл зиратын қоршауды ұйымдастырғаны үшін Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық мешітінің имамы Баекенов Қашақбай ие болды.

Қорытынды жиналыста бұдан өзге әр түрлі бағыттарда белсенділік танытқан имамдар ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай марапатталды. Нақтырақ айтқанда, діни кадр даярлау ісіне қосқан үлесі үшін «Ақтөбе» медресе колледжінің Директоры Әбдімүтәліп Дәуренбековке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Зәру» шипажайына 2 кісілік жолдамасы табысталды.

Сондай-ақ, Бас мүфтидің қаржылай марапаты – Нұрбол Смағұлов пен Шынболат Үмбетовке муфтият жоспарларын тиянақты жүргізгені және оңалту жұмыстарына қосқан үлесі үшін 100 000 теңгеден, биыл университетті бітіріп, шалғай аудандарға діни қызметке барған Абай Шымболатов пен Зарлық Ералинге жас діни маманға Бас мүфтидің қолдауы ретінде 50 000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді. Байғанин ауданы, Кемирши ауылдық мешітінің имамы Ешимов Фархатқа ауыл мешітін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгені үшін 50 000 теңге, «Досжан хазрет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жілісбаеваға оңалту жұмыстарындағы белсенділігі үшін 50 000 теңге, Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Кошкарова Кенжегүлге қайырымдылық шараларын ұйымдастырудағы белсенділігі үшін және «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысындағы өкілі Әбдісаламов Жарасханға Ақтөбе облысындағы халал өнім ұсынатын мекемелерді көбейтуге қосқан үлесі үшін 25 000 теңгеден сыйақы берілді. Бұдан бөлек «Рамазан 2020» мобильді қосымшасын әзірлеп, ақпарат таратудағы белсенділігі үшін «Nurgasyr.kz» сайтының программисті Букатаев Руслан және әлеуметтік желідегі белсенділіктері үшін Ақтөбе қалалық мешітінің хатшысы Аймаханова Гүлсамал, Ембі қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Қойшыбай Төлеген, Шалқар аудандық мешітінің ұстазы Тілеубай Жұлдыз және Шалқар ауданы, Жанаман ахун мешітінің ұстазы Бақытғалиева Арай 20 000 теңге сыйақымен марапатталды.

Шындығында биылғы жыл еліміз үшін оңайға соқпады. Бұл індет мешіттерімізді де айналып өтпеді. Алайда, соған қарамастан Ақтөбе имамдары карантин кезінде халықтың жанынан табылып, қайырымдылық шараларын ұтымды ұйымдастыра біліп, онлайн фарматта жамағатқа діни бағыт-бағдар беруге тырысты. Облыс әкімі О.Оразалин мен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының марапаттауы барша имамдардың алдағы уақытта діни қызметте белсенді болуына күш-жігер береді деп сенеміз.

Бас мүфти бастаған барша дін қызметкерлерінің ел тұтастығы мен татулығы жолындағы қызметтеріне Алла Тағала жар болғай! Әумин!

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің 

Баспасөз қызметі