Хромтау: Аталар мектебі құрылды 2901

Хромтау: Аталар мектебі құрылды

01 қыркүйек 2023 317 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Хромтау ауданында халыққа және жастарға жол бастап, даналық, парасат пайымыен ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылып, арнайы семинар өтті.

Ауданның Бас имамы Ерік Сұлтанов аталған игі бастаманың маңыздылығына тоқталды.

Алғашқы жиында Аталар мектебінің құрамы бекітілді.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, ақсақалдар бір ауыздан қолдау танытты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі