Қасиетті Миғраж түнінде тағылымды шара өтті
Қасиетті Құранда аят бар: «Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке – байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші» («Исра» сүресі, 1-аят).
Осы аятта көрсетілген Миғраж түнінің құрметіне Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде ауызашар берілді. Күні бойы Алла разылығы үшін ауыздарын бекіткен мұсылман баласы кешкі ақшам намазы уақытында келіп, аталмыш мешітте арнайы ауызашарға жайылған дастарханнан ауыздарын ашты.
Ауызашар Құран оқумен басталды. Бұл шараға «Әл-Ләтиф» мешітінің Бас имамы Аманғосұлы Рүстембек жамағатымен қонаққа келіп «Миғраж түні», сондай-ақ «Бақытжан» мешітінің Бас имамы Бейімбетұлы Еламан “Көркем мінез” тақырыптарында мазмұнды уағыз-насихат айтып, жамағатты ілім нұрымен сусындатты.
Шара соңында қонақтарға «Ораза» және «Фиқһ» тақырыптарында танымдық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға құнды кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































