«Мұнара» телеарнасы: «Бабалар сөзі» бағдарламасының түсірілімі өтті 6340

«Мұнара» телеарнасы: «Бабалар сөзі» бағдарламасының түсірілімі өтті

13 мамыр 2026 43 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында Астана қаласында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында 2026 жылдағы негізгі 4 бағытын мәлімдеді. Аталған бағыттың бірі «Дәстүр және отбасы» аясында бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде түсірілім өтті.

Жырау, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин мен шәкірті Айым Гелманова руханияттың төл телеарнасы «Мұнара» телеарнасындағы «Бабалар сөзі» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында Наурызбек жыраудың термесі мен Әділбек Сариннің авторлық «Кіші жүздің ерлері» атты термесі орындалды.

Сонымен қатар Құрбан айт қарсаңында жарық көретін «Пайғамбар қисасы» атты Әділбек Сариннің жаңа кітабындағы «Адам» (а.с.)пайғамбар жырын шәкірті жырлады.

Дін мен дәстүр тоғысқан жыр мен термелерді «Мұнара» телеарнасының «Бабалар сөзі» бағдарламасынан көре аласыздар. Әр шаңырақты руханияттың арнасы қосулы болсын!

«Мұнара» арнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv

Айта кетсек, Қасиетті Рамазан айында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің мұрындық болуымен, «Ер Едіге» жыр мектебі мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Шабыт» бизнес орталығында Әділбек Саринің «Пайғамбар жыры» атты елімізде алғаш рет ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), өмірбаяны жыр үлгісінде жазылған еңбектің танытымы өтті.

Түсірілім алаңы ретінде қолдау білдірген «Сарқыт» этномейрамханасының басшылығы мен ұжымына алғысымызды білдіреміз! Алла Тағала кәсіптеріне береке берсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі